"Құрметті жерлестер!
Алдағы референдум – еліміздің саяси дамуы мен болашағына әсер ететін маңызды тарихи кезең. Бұл жолғы референдумның басты мәні – Жаңа Конституция арқылы мемлекет пен қоғам арасындағы қатынастарды жаңа деңгейге көтеру.
Жаңа Конституция – тек заңдық құжат емес. Ол мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті күшейтуге және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын одан әрі қорғауға бағытталған маңызды қадам.
Әлемдік тәжірибеде конституциялық реформалар қоғамның жаңаруына, демократиялық институттардың нығаюына және халықтың мемлекет басқаруына қатысуын арттыруға мүмкіндік береді. Сондықтан мұндай шешімдер халықтың тікелей өте маңызды. қатысуымен қабылдануы
Референдум – әр азаматқа елдің болашағына ықпал етуге берілген нақты мүмкіндік. Біздің әр дауысымыз мемлекет дамуының бағытын айқындайды.
Мен де референдум күні өз учаскеме барып, Жаңа Конституцияға қатысты өз таңдауымды жасаймын. Баршаңызды азаматтық белсенділік танытып, референдумға қатысуға шақырамын.
Ел болашағы өз қолымызда!"-деп жазды ол.