Қазақстанда неке мен ажырасуды тіркеу ережелері өзгереді
10 наурыздан бастап Қазақстанда азаматтық хал актілерін тіркеу қызметтерінің жаңа тарифтері күшіне енеді.
Жаңа ережеге сәйкес, туу мен өлімді мемлекеттік тіркеу бұрынғыдай тегін болып қала береді. Ал басқа қызметтер үшін мемлекеттік баж мөлшері белгіленді.
Мәселен, аты-жөнін немесе әкесінің атын өзгерту үшін 1 725 теңге төлеу қажет.
Некені тіркеу – 3 450 теңге болса, ерлі-зайыптылардың өзара келісімімен ажырасу 6 900 теңге тұрады. Ал кейбір ерекше жағдайларда ажырасуды тіркеу құны небәрі 345 теңге болады.
Сонымен қатар:
Қайта берілетін куәліктер – 3 450 теңге;
Қағаз түріндегі анықтамалар – 1 035 теңге;
Мемлекеттік қызметтер порталы арқылы алынатын электронды анықтамалар – тегін.
Ал ТМД елдерінен құжат сұрату 1 725 теңге, басқа мемлекеттерден алу 3 450 теңге көлемінде белгіленген.
Жаңа тарифтер азаматтық хал актілерін тіркеу жүйесін реттеу мақсатында енгізіліп отыр.