«Қатігез режим және күйретуші соғыс»: Зохран Мамдани Иранға қатысты мәлімдеме жасады
Нью-Йорк мэрі Тегеран саясатын сынау жаңа соғысқа негіз болмауы тиіс екенін айтты.
Зохран Мамдани Иранға қатысты мәлімдеме жасап, Тегеран билігінің саясатын айыптау жаңа әскери қақтығысқа сылтау болмауы керектігін атап өтті.
Ол өз сөзінде Иран үкіметінің ел ішіндегі наразылықтарды қатаң басқанын еске салды.
«Мен бұған дейін де айтқанмын: Иран үкіметі өз халқына қарсы жүйелі репрессияларға барды. Жыл басында қарапайым наразылық білдірген мыңдаған ирандық қаза тапты. Бұл — қатігез үкімет», — деді ол.
Сонымен қатар, қала басшысы режим ауыстыру мақсатында жүргізілген соғыстардың салдары ауыр болатынын ескертті.
«Мен жас мэр болуым мүмкін, бірақ бірнеше жыл бұрын дәл осы аймақта біздің ел режимді өзгерту үшін жүргізген соғыстың қандай күйретуші салдарға әкелгенін есте сақтайтындай жастамын», — деді Мамдани.
Оның пікірінше, халықаралық саясатта әскери сценарийден гөрі дипломатиялық шешімдерге басымдық берілуі қажет.