Жаңа Конституция: Алматы құрылысшылары референдумды қолдады
Алматыда құрылыс саласының өкілдері Жаңа Конституция жобасын және 15 наурызда өтетін алдағы референдумды қолдайтындарын білдірді,— деп хабарлайды newsroom.kz
Алғашқылардың бірі болып өз ұстанымын BUTA GROUP компаниясы білдірді. Ұжым өкілдерінің айтуынша, әрбір тұрғын үй кешенінің артында мыңдаған жұмысшының еңбегі тұр, ал құрылыс саласы заңнаманың тұрақтылығы мен экономикалық болжамдылыққа тікелей тәуелді.
«Біз тек тұрғын үй емес, әлеуметтік сенімділікті қалыптастырамыз. Мемлекеттік реформалар — бұл жұмыстың жалғасуына, үйлердің аяқталуына және әр азаматтың заңмен қорғалуына кепілдік беретін ережелер. Референдум — тыныштық пен тәртіпті таңдаудың көрінісі», — деп атап өтті компания өкілдері.
RAMS QAZAQSTAN құрылыс компаниясында да өз қызметтерін қала мен тұрғындар алдындағы әлеуметтік жауапкершілік ретінде қарастыратынын жеткізді. Компания өкілдерінің пікірінше, референдумға қатысу — әр азаматқа мемлекеттің болашағын айқындайтын мәселелер бойынша өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік береді.
«Елдің дамуы ашық диалогқа, жауапкершілікке және болашақты бірлесіп таңдауға негізделеді. Біз бүгін саламыз — ертеңді бірге құрамыз», — делінген компания мәлімдемесінде.
Hayat Construction Group құрылыс компаниясында да референдумды қолдайтындарын білдірді. Ұжым өкілдерінің пікірінше, Конституцияға енгізілетін өзгерістер елдің одан әрі даму бағытын айқындауда және мемлекеттік институттарды нығайтуда маңызды қадам болып табылады.
«Конституциялық өзгерістер мемлекеттің даму стратегиясын айқындайды. Біз референдумға қатысуды азаматтық жауапкершіліктің көрінісі ретінде қолдаймыз», — дейді компания өкілдері.
KazSMU құрылыс компаниясында Негізгі заңның ел үшін символдық мәні ерекше екені атап өтілді.
«Мықты мемлекет берік іргетастан басталады. Іргетас берік болса — болашақ та тұрақты болады. Біз тұрақтылық пен дамуды қолдаймыз», — деп мәлімдеді ұжым өкілдері.