Жаңалықтар

Щучинскідегі өрт: «Центр плова» иесі ұсталды

4 күн бұрын Щучинск қаласындағы «Центр плова» кафесінде өрт болып, 8 адам қаза тапқан еді. Оқиғаға байланысты қозғалған қылмыстық іс Бас прокуратураның бақылауына алынды.

Ақмола облысының прокуратурасы мәліметінше, іс Қылмыстық кодекстің 292-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелген.

Ведомствоның хабарлауынша, тергеуді арнайы прокурорлар жүргізіп жатыр. 2026 жылғы 2 наурызда ҚПК-нің 128-бабы тәртібімен кафе иесі ұсталған.

«Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», — деп мәлімдеді прокуратура.

Ал ҚПК-нің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.