1,2 млн теңге: «ҚазАвтоЖол» басшысы жалақысын жария етті
Үкіметтегі брифингте ҚазАвтоЖол басқарма төрағасы Дархан Иманашев компания қызметкерлерінің табысы туралы мәлімет берді.
Журналистер ұлттық оператор басшысынан топ-менеджерлердің жалақысы мен орташа айлық табыс көлемін сұраған.
Иманашевтің айтуынша, компания қызметкерлерінің орташа айлық жалақысы 495 мың теңгені құрайды.
«Менің лауазымдық айлығым — 1 миллион 200 мың теңге. Бұл — ресми жалақы», — деді ол.
Басшы өз еңбекақысы толықтай заңды және ашық түрде төленетінін атап өтті.