Роналдудың ұшағы Сауд Арабиясынан шұғыл ұшып шықты
Аймақтағы шиеленіс күшейген тұста португалиялық шабуылшы, Криштиану Роналду иелік ететін жеке ұшақ Эр-Риядтан шұғыл түрде ұшып кеткені хабарланды.
Daily Mail басылымының мәліметінше, әуе кемесі Испания астанасы Мадридке бағыт алған. Бортта кімдердің болғаны нақтыланбады. Ұшақтың көтерілуі Эр-Риядтағы АҚШ елшілігіне жасалған дрон шабуылынан кейін бірнеше сағат өткен соң тіркелген.
Қазір Роналду Сауд Арабиясының Al-Nassr FC клубында өнер көрсетеді. Оның иелігіндегі Bombardier Global Express 6500 бизнес-джетінің құны шамамен 45 миллиард теңгеге бағаланады.
Аймақтағы қауіпсіздік ахуалына байланысты ресми органдар тарапынан әзірге қосымша мәлімет берілген жоқ.