Жаңалықтар

50 қазақстандық Ираннан құрлық арқылы елге оралып жатыр

Қазақстан азаматтарын Ираннан эвакуациялау жалғасуда — бір бөлігі елден жерүсті көлігі арқылы шығарылды.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Ирандағы қазақстандықтарды елге қайтару жұмыстары тек әуе рейстерімен емес, құрлық бағыттары арқылы да жүзеге асырылып жатыр.

15 азамат Иран–Түрікменстан шекарасындағы «Инчебурун» өткізу бекеті арқылы қауіпсіз өтіп, кейін Қазақстанға қарай жолға шыққан. Олардың елге оралуына қазақстандық дипломаттар жан-жақты көмек көрсеткен.

Ал тағы 35 адам — «Заркух» компаниясының қызметкерлері — автобуспен Иран–Армения шекарасынан өткен.

Осылайша, қазіргі уақытта барлығы 50 қазақстандық Иран аумағынан қауіпсіз шығарылып, елге қайтып бара жатыр.

Сыртқы істер министрлігі шетелдегі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары жалғасатынын атап өтті.