Жаңалықтар

Жаңа Конституция: Белгілі ақын референдумға арнап өлең жазды

Белгілі ақын Бақыт Қалибек 15 наурызда өтетін референдумға арнап өлең жазып, өз Instagram парақшасында бөлісті,— деп хабарлайды newsroom.kz

Тарихи күн-15 наурыз  
Жауапкершілік танытайық бәріміз  
Берекелі болашаққа жетелер  
Ынтымақ пен бірлік біздің бағымыз!

Конституциям Ата заңым айбыным  
Жаңаруда заманаға сай бүгін  
Референдумда дұрыс таңдау жасайық!  Болашақта болсын десек жайлы күн.

Біз мемлекетпіз халық үнін тыңдаған  
Сынақтарда бірлігімен сынбаған.
Заңымызды заманға сай өзгерту
Болашаққа бағытталған тың қадам.