weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ақтөбеде 25 жастағы ер адам оқушыны зорлады деген күдікпен ұсталды

25 жастағы ер адам зорлау күдігімен ұсталды.

Ақтөбеде 25 жастағы ер адам оқушыны зорлады деген күдікпен ұсталды

Ақтөбе облысында 14 жастағы мектеп оқушысына қатысты қылмыс фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 25 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тергеу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабы («Зорлау») бойынша жүргізілуде.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті өкілдері қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқанын мәлімдеді.

«Толық әрі жан-жақты тергеу қорытындысы бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады. Тергеу мүддесіне және кәмелетке толмаған жәбірленушінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында өзге ақпарат жария етілмейді», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→