Иранда мектепке Израиль зымыраны түсіп, 40 оқушы мерт болды
Иранның оңтүстігіндегі Минаб қаласында қыздарға арналған мектепке израильдік зымыранның түсуі салдарынан 40 бала қаза тапты,– деп хабарлайды newsroom.kz
Тағы 48 оқушы түрлі деңгейде жарақат алған.
Таяу Шығыста қаза болғандар саны қанша?
• БАӘ-де бейбіт тұрғын қаза тапты. Азиялық ер адам ирандық зымыранның сынықтарынан қаза тапты.
• Ирактағы Катаиб Хезболла базасына жасалған соққыдан екі адам мерт болды.
• Израильде 1 адам қаза болды.
Айта кетелік, Қазақстанның авиация билігі Таяу Шығыс кеңістігінде ұшуға толық тыйым салды. Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Иордания және Ливан әуе кеңістігінде және оған жақын жерлерде ұшуға болмайды. Шектеу жолаушылар, жүк және техникалық рейстерге қатысты.