Жаңалықтар

Шымкентте 7 жасар қызды мұғалім зорлаған

Шымкентте 7 жастағы мектеп оқушысына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікке оның мұғалімі ілінген.

Қыздың анасы полицияға арыз жазған.

Шымкент қалалық Полиция департаменті мәліметінше, күдікті ретінде Шымкент тұрғыны ұсталып, полиция бөліміне жеткізілген.

«Қазіргі уақытта тергеу-жедел тобы оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған кешенді іс-шаралар жүргізіп жатыр», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Полиция бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерделеп, куәгерлерден жауап алуда. Барлық уәждер тексеріліп, жиналған материалдар талданып жатыр.