Әлем

Британдық бір сәтке әлемдегі ең бай адамға айналды: сыйлық картасында 63 квадриллион фунт

Кәдімгі кофе сатып алу кезінде британдық әйел есепшотында 63 квадриллион фунт бар деген чек алған.

Софи Даунинг есімді британдық әйел дәмханада матча латте сатып алу үшін 10 фунттық сыйлық картасын пайдаланған. Алайда төлем жасалғаннан кейін берілген түбіртекте шотта 63 квадриллион фунт қалғаны көрсетілген.

Осылайша ол бірнеше минутқа, қағаз жүзінде болса да, әлемдегі ең бай адамға айналған. Тіпті бұл сома Илон Маск пен өзге миллиардерлердің байлығынан да асып түскен.

Кейін белгілі болғандай, бариста карта нөмірін қате түрде сома орнына енгізіп жіберген. Құрылғы автоматты түрде қате есеп шығарып, шектен тыс үлкен қалдық көрсеткен. Ақау бірден түзетіліп, британдық әдеттегі өміріне қайта оралған.)