Алматы тауларында ер адам қар көшкіні астында қалды
Алматы тауларында ер адам қар көшкіні астында қалып, аман құтқарылды.
Қалалық құтқару қызметінің мәліметінше, оқиға Шымбұлақ маңындағы арнайы жабдықталмаған аумақта болған. Ер адам қар астында шамамен он минуттай жатқан.
Төтенше жағдай туралы хабар 12:48-де түскен. Араға он минут салып құтқарушылар оқиға орнына жетіп, зардап шеккен адамды қар астынан шығарып алды.
Оқиға орнында дәрігерлер тексеру жүргізді. Айтарлықтай ауыр жарақат анықталмаған, ауруханаға жатқызу қажет болмады.