Жаңалықтар

Милан төріндегі гала-шоуда Михаил Шайдоров «Кунг-фу Панда» бейнесімен көрерменді тәнті етті

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Миланда өткен гала-шоуда ерекше образымен көпшіліктің ықыласына бөленді.

Спортшы мұз айдынына «Кунг-фу Панда» мультфильміндегі По кейіпкерінен шабыттанған костюммен шығып, әртістік хореография элементтері үйлескен әсерлі бағдарлама ұсынды.

Жанды әрі көңілді қойылым көрермендердің ыстық ықыласына ие болды. Залдағы жанкүйерлер спортшыны бағдарлама бойы қол соғып, қолдап отырды.