weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
21 ақпан, 2026 / Перизат Ілес / Әлем
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Тайландта 70-тен астам жолбарыс белгісіз вирустан қырылды

Тайландтың солтүстігінде қысқа уақыт ішінде тұтқында ұсталған 72 жолбарыс қаза тапты. Билік қауіпті аурудың өршуін оқшаулау үшін шұғыл шаралар қабылдауда,– деп хабарлайды newsroom.kz

Тайландта 70-тен астам жолбарыс белгісіз вирустан қырылды

Чиангмай өңірінде ондаған жануардан аурудың алғашқы белгілері ақпан айының басында байқалған. Қазір торларды ауқымды түрде дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп, аман қалған жолбарыстарды вакцинациялауға дайындық жасалуда.

Жануарлардың қырылу себебі әзірге нақты анықталған жоқ. Аймақтық мал шаруашылығы басқармасының мәліметінше, жолбарыстар ит обасы вирусын жұқтыруы мүмкін, сонымен қатар олардан екінші реттік инфекция ретінде микоплазмалық бактериялар табылған. Алайда бұған дейін Тайландтың мал шаруашылығын дамыту департаменті мысық панлейкопениясын жұқтыру ықтималдығын хабарлаған болатын.

Мамандардың айтуынша, жолбарыстарды емдеу үй жануарларына қарағанда әлдеқайда күрделі: жыртқыштарда ауру көбіне кеш кезеңінде анықталады.

Жануарлардың жаппай қырылуынан кейін туристерге жолбарыстардың жанында болып, олармен бірге суретке түсуге рұқсат етілетін танымал Tiger Kingdom Chiang Mai паркі уақытша жабылды.

Мұндай жағдайлар бұған дейін де болған. Мәселен, 2024 жылы Вьетнамның оңтүстігінде құс тұмауынан ондаған жолбарыс пен бірнеше қабылан қырылған. Ал 2004 жылы Тайландтың Шрирача қаласындағы жолбарыс хайуанаттар бағында дәл осы аурудың өршуі салдарынан 147 жануар өлген немесе мәжбүрлі түрде ұйықтатылған.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→