Әскер

Әскери жаттығу: Қазақстан мен Ресей ПВО күштері

Қазақстан мен Ресей 20 ақпан мен 10 наурыз аралығында әуе шабуылынан қорғаныс әскерлерінің жоспарлы жаттығуын өткізуде,– деп хабарлайды newsroom.kz

 

«Жаттығу барысында әуе нысандарын анықтау және сүйемелдеу, әуе кеңістігін бұзған ұшақтарды ұстап алу, сондай-ақ оларды белгіленген аэродромдарға мәжбүрлеп қондыру міндеттері пысықталуда», – делінген қорғаныс ведомствосының хабарламасында.

Қорғаныс министрлігі жаттығудың жоспарлы сипатта екенін және «әуе шабуылына қарсы қорғаныс кезекші күштерінің өзара іс-қимыл деңгейін, жауынгерлік даярлығын және әзірлігін арттыруға» бағытталғанын атап өтті.