Жаңалықтар

Трамп Тоқаевты мақтап, Қазақстанды «бай әрі тамаша ел» деп атады

АҚШ президенті Қазақстан басшысына жылы лебіз білдіріп, елдің әлеуетіне жоғары баға берді.

АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев туралы жылы пікір айтып, елді «тамаша әрі бай мемлекет» деп атады.

«Қазақстан Президенті, Тоқаев мырза, үлкен рақмет. Егер біреуде күмән болса, айтайын, бұл – керемет әрі бай ел», — деді Трамп Бейбітшілік кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде.

Саясаткер Қазақстанның мүмкіндігі мен әлеуетіне жоғары баға беріп, елдің халықаралық деңгейдегі рөлін атап өтті.