АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге қарсы 2014, 2018 және 2022 жылдары енгізілген бірқатар санкциялардың мерзімін тағы бір жылға ұзартты.
АҚШ-тың Федералдық тіркелімінде жарияланған құжатқа сәйкес, 2014 жылы жарияланған төтенше жағдай режимі және кейінгі жарлықтармен кеңейтілген шектеулер 2027 жылдың 6 наурызына дейін күшінде болады.
Трамп санкцияларда көрсетілген әрекеттер мен саясат «АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігі мен сыртқы саясатына әдеттен тыс әрі төтенше қауіп төндіруді жалғастырып отыр» деп мәлімдеді.
Осыған байланысты ол 13 660-жарлықпен жарияланған төтенше жағдай режимін тағы бір жылға ұзарту туралы шешім қабылдады.