Биыл Түркістанда халықаралық әуежай ашылатын болды
NewsRoom
Биыл Түркістанда халықаралық әуежай ашылатын болды
Түркістанда осы жылы халықаралық әуежай ашылады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
"Әуе қатынасын дамыту туралы мәселеге келетін болсақ, осы жылы Түркістанда халықаралық әуежай ашпақшымыз. Қазіргі таңда Өскемен әуежайының ұшып-кону жолағы жөнделуде. Бұған қоса Шымкент әуежайында жаңа терминалдың құрылысы жалғасып, Оралдағы әуе бекеті кешені қайта жөндеуден өтпек", - деді министр.
Бұған қоса шенеунік егер мемлекет тарапынан жеткілікті ақша бөлінсе, Үржар мен Үшарал қалаларындағы әуежайлардың ұшып-қону жолақтары жөндеуден өтетінін алға тартты.
Бұған дейін министрі Қазақстанда отандық ұшақтар құрастырылады ма деген сұраққа жауап берген еді.