Жаңалықтар

Ақтөбе облысында жас мұғалім өлі табылды

Полиция сотқа дейінгі тергеу бастады, алдын ала нұсқа — суицид.

Қайғылы оқиға Ақтөбе облысының Еңбекші ауылында болған. 2002 жылы туған ер адамның денесі жеке үйдің ауласындағы шаруашылық құрылыстан табылды.

Облыстық полиция департаменті факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Алдын ала мәліметке сәйкес, марқұм ағасының қолында тұрған. Ата-анасы Ақтөбе қаласында тұрады. Ол ауыл мектебінде бір жылға жетпейтін уақыт тарих пәнінен сабақ берген. Болжам бойынша, суицид нұсқасы қарастырылып отыр.