Жаңалықтар

Ташиевтің сыныптасы Қырғызстанның монополияға қарсы қызметі басшысы қызметінен алынды

Қызметтен кеткен Женалы Орозбаевтың орнына Айбек Мамыралиев тағайындалды.

Женалы Орозбаев Қырғызстан Экономика және коммерция министрлігіне қарасты монополияға қарсы реттеу қызметінің басшысы қызметінен босатылды. Бұл туралы Kaktus.Media хабарлады.

Оның орнына аталған қызметке Айбек Мамыралиев тағайындалды. Басылым мәліметінше, Орозбаев — бұрын Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетін басқарған Камчыбек Ташиевтің сыныптасы. Ташиев қызметінен босатылғаннан кейін елден кеткені айтылды.