Жаңалықтар

Биылғы Алматы бюджеті 2,8 трлн теңге: қаржы қайда жұмсалады

Қаражаттың бір бөлігі білім, медицина, мәдениет және жол инфрақұрылымына бағытталады.

Алматы қаласының 2026 жылға арналған нақтыланған бюджеті 2,8 трлн теңге көлемінде бекітілді. Құжат мәслихаттың XLII сессиясында мақұлданды. Қала экономика және қаржы басқармасының басшысы Бауыржан Құдайбергенов әлеуметтік салаға 23,3 млрд теңге бөлінетінін мәлімдеді.

Негізгі бағыттар:

Білім беру:
3,3 млрд теңге — шығармашылық мектебі мен жатақхана құрылысын аяқтауға.
2 млрд теңге — жалпы сыйымдылығы 1 190 орын болатын төрт мектепті аяқтауға.
1,8 млрд теңге — №198 мектеп пен Нұркент шағынауданындағы гимназияға қосымша ғимараттар салуға.

Денсаулық сақтау:
4,4 млрд теңге — №2 қалалық перзентхана құрылысына.
3,6 млрд теңге — тәулігіне 200 адам қабылдайтын отбасылық-дәрігерлік амбулатория салуға.

Мәдениет және туризм:
3,5 млрд теңге — Сац атындағы ТЮЗ реконструкциясын аяқтауға.
665 млн теңге — Үлкен Алматы көліне дейін 5,3 км туристік соқпақ салуға.

Жол инфрақұрылымы:
15,2 млрд теңге — Төле би, Саин және Оңғарсынова көшелерін ұзартуға.
1,3 млрд теңге — екі жаңа мектепке апаратын жол құрылысын аяқтауға.