Қазақстан кәсіпорындарында қызметкерлер мас күйін тексеруден өтеді
Жаңа жүйе алғаш рет Маңғыстауда сынақтан өткізіледі.
Қазақстанда кәсіпорын қызметкерлерін мас күйіне тексеру жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Пилоттық жоба Kalamkas-Khazar Operating базасында, Маңғыстау облысында іске қосылады. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов сенаторлар сауалына берген жауабында мәлімдеді.
Үкімет басшысы елде қазірдің өзінде мас күйін анықтайтын шамамен 300 тексеру нүктесі жұмыс істейтінін атап өтті. Алайда мұндай кабинеттерді тікелей кәсіпорын аумағында ашу тексеруді сол жерде жедел жүргізуге мүмкіндік береді.