Ерболат Құдайбергенов тұрғындардың шағымынан кейін наркологиялық емдеуге жіберілді. Бұған дейін әлеуметтік желіде оның Алматыдағы наркологиялық орталық маңында жүргені түсірілген видео тараған.
Алматы қалалық полиция департаменті мәліметінше, көпқабатты үй тұрғындары әншінің агрессивті әрекет көрсетіп, қоғамдық тәртіпті бұзғанына шағымданған.
Полиция хабарлауынша, учаскелік инспектор оқиға орнына жедел жеткен. Тексеру барысында ер адамның адекватты емес күйде болып, айналасындағыларға қауіп төндіргені анықталған.
Ұсталғаннан кейін дәрігерлер тексеріп, оны 15 тәулікке наркологиялық мекемеге орналастыру қажет деген қорытынды шығарды. Сонымен қатар ол тыныштықты бұзу, тіркеусіз тұру және қоғамдық орында азаматтарға тиісу баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полицияда бұл алғашқы жағдай емес екені айтылды.