Жаңалықтар

Қазір доллар сатып алуға қолайлы кезең — Freedom Broker

Сарапшылар доллар бағамы жылдық минимумға жақындағанын айтып, бірқатар акцияларды сатып алуға кеңес берді.

Freedom Broker шолуында АҚШ долларының қазіргі бағамы тиімді деңгейге жақындағаны айтылды. Компания мәліметінше, доллар 488 теңгеге дейін төмендеп, 486–487 теңге аралығында күшті қолдау деңгейі қалыптасқан.

Сарапшылардың пікірінше, доллар сатып алуды жоспарлағандар үшін бұл — биылғы ең қолайлы мүмкіндіктердің бірі.

Орта мерзімге сатып алуға ұсынылған акциялар:

Air Astana

Halyk Bank (мақсатты баға — 420 теңге)

KEGOC

Kaspi.kz (мақсатты баға — 44 500 теңге)

ҚазТрансОйл

Solidcore Resources (мақсатты баға — 8,1 доллар)

Ұстап тұру ұсынылған акциялар:

Банк ЦентрКредит (мақсатты баға — 5 200 теңге)

ҚазМұнайГаз

Қазатомөнеркәсіп (мақсатты баға — 44 000 теңге)

Қазақтелеком

Ал Kcell акцияларын сату ұсынылды.