Жаңалықтар

Түркістанда әйелін психиатриялық ауруханаға күштеп жатқызған ер адам сотталды

Сотталушылар жәбірленушіге 11 млн теңге моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.

Түркістан облысында ер адам екі танысымен бірге әйелін отбасылық жанжалдан кейін күштеп психиатриялық емханаға жатқызған. Оқиға Шымкент қаласында болған.

Тергеу мәліметінше, әйел қарсылық көрсеткеніне қарамастан, қол-аяғы скотчпен байланып, заңсыз түрде стационарлық емге рәсімделген. Қылмыс алдын ала жоспарланғаны анықталды. Тінту барысында ер адамның үйінен 16 жауынгерлік оқ табылған.

Сот негізгі айыпталушыны 9 жылға бас бостандығынан айырды, ал екі сыбайласы 8 жылдан жаза алды. Сонымен қатар барлығы жәбірленушіге моральдық зиян үшін 11 млн теңге өтемақы төлеуге міндеттелді.