Ватикан Трамп бастаған «Бейбітшілік кеңеске» қатысудан бас тартты
Қысқаша: Қасиетті тақ халықаралық дағдарыстарды реттеу ісі Біріккен Ұлттар Ұйымының құзырында болуы тиіс екенін мәлімдеді.
Ватикан Қасиетті Тақ АҚШ президенті Дональд Трамп бастамашы болған «Бейбітшілік кеңесіне» қатыспайды. Бұл туралы мемлекеттік хатшы кардинал Пьетро Паролин мәлімдеді.
Оның айтуынша, Қасиетті Тақтың қызмет ерекшелігі өзге мемлекеттердің қызметінен өзгеше, сондықтан аталған кеңестің жұмысына қосылу жоспарланбаған. Сонымен қатар халықаралық деңгейдегі мұндай дағдарыстарды реттеумен ең алдымен Біріккен Ұлттар Ұйымы айналысуы тиіс екені атап өтілді. Ватикан бұл ұстанымды негізгі қағидалардың бірі ретінде қарастыратынын жеткізді.