Әскер

Әскерде тағы өлім: Маңғыстауда әскери қызметкер қаза тапты

Қазақстан армиясында тағы бір қайғылы оқиға тіркелді — Маңғыстау облысында әскери қызметкер көз жұмды. Тергеу басталды.

Алдын ала мәлімет бойынша, Құрлық әскерлері құрамындағы әскери қызметкер қарумен жұмыс істеу кезінде өміріне қауіпті жарақат алған.

Оқиға бойынша әскери-тергеу органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қайғылы жағдай орнына қорғаныс министрінің орынбасары, бас әскери прокурор және ІІМ әскери-тергеу департаментінің басшысы барған.

Бас прокуратура мәліметінше, тергеушілер сараптамалар тағайындап, барлық мән-жайды анықтауға кіріскен. Іс ерекше бақылауға алынған.

Еске салайық, бұған дейін Отар кентінде мерзімді әскери қызметші жақ сүйегі мен мұрны сынған күйде бөтен пәтерден табылған. Әскери полиция әскери қызметкерге күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған еді.