weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Халықтық Конституция үшін» коалициясы өз сайтын іске қосты

Қазақстанда алдағы референдумға арналған жалпыұлттық коалицияның ресми сайты ашылды. Жаңа портал алдағы Конституция өзгерістерін түсіндіруге бағытталған.

«Халықтық Конституция үшін» коалициясы өз сайтын іске қосты

referendum2026.kz сайтында Конституцияның жаңа жобасының толық мәтіні жарияланған. Сондай-ақ мұнда сараптамалық және талдамалық материалдар, коалиция қызметіне қатысты жаңалықтар мен өңірлердегі кездесулер кестесі орналастырылған.

Жоба авторларының айтуынша, бұл веб-ресурс қазақстандықтарға алдағы өзгерістердің мәнін түсінуге, егжей-тегжейін зерделеуге және өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік беретін ашық ақпарат көзі ретінде құрылған.

«Халықтық Конституция үшін» коалициясының құрамына бес саяси партияның өкілдері мен 300-ден астам қоғамдық ұйым кіреді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→