weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстандық AI-стартап айналасында дау: HiggsfieldAI-ға алаяқтық пен адал емес бәсеке айыптары тағылды

Қазақстандық жасанды интеллект саласындағы HiggsfieldAI стартапы ірі жанжалдың ортасында қалды. Құны 1 млрд доллардан асқан «бірегей стартап» мәртебесіне жеткен компанияға қатысты бірқатар ауыр айыптар айтылып, оның жұмыс әдістері мен іскерлік этикасына күмән күшейді, деп хаюарлайды newsroom.kz Telegram-дағы nb.kz арнасына сілтеме жасап.

Қазақстандық AI-стартап айналасында дау: HiggsfieldAI-ға алаяқтық пен адал емес бәсеке айыптары тағылды
Фото: GitHub сайтынан

Тергеу материалы беделді GitHub платформасында жарияланған. Оны жасанды интеллект саласының маманы Анил Чандра Найду Матча дайындаған. Зерттеу барысында компания клиенттерді жаңылыстыратын ықтимал алаяқтық схемаларды қолданған болуы мүмкін деген күдік айтылған.

Негізгі айыптардың қатарында «шексіз» деп көрсетілген жалған тарифтерді пайдалану, сондай-ақ бәсекелес модельдерді қайта сатып, бірнеше есе қымбат бағамен ұсыну бар. Атап айтқанда, Kling және Minimax өнімдері 4,5 есеге дейін үстеме бағамен сатылғаны айтылды.

Сонымен қатар тергеуде Envato Elements және Jitter сервистерінен дайын шаблондарды заңсыз пайдалану ықтималдығы да көрсетілген. Компанияның маркетингте адал емес тәсілдерге жүгінгені туралы да мәліметтер бар.

Материал авторы Анил Чандра Найду Матча бұған дейін Samsung және Cisco компанияларында жұмыс істеген, сондай-ақ видеомаркетингке арналған Vadoo платформасының тең құрылтайшысы саналады. Ол өз зерттеуінде нақты мысалдар келтіріп, ықтимал заңбұзушылықтарды сипаттайды. Айыптардың ішінде нәсілшіл сипаттағы пікірлер, танымал тұлғалардың бейнесін заңсыз пайдалану, сондай-ақ әдепке қайшы контентке қатысты мәселелер де аталған.

HiggsfieldAI төңірегіндегі жағдай технологиялық қауымдастықта алаңдаушылық туғызып отыр. Сарапшылар бұл істі реттеуші органдар мен компания серіктестері жан-жақты тексеруі қажет екенін айтады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→