Тиісті Қазақстан нарығының 90%-ын қамтыған ірі газ таратушы компания саланы цифрландырудың көшбасшыларының қатарынан саналады. Қазіргі уақытта жоғарыда аталған мобильді қосымшаға 699 мың тұтынушы тіркелген. Сонымен қатар, ол арқылы ай сайын 282 мың табиғи газ көрсеткіші онлайн беріліп отыр. Пайдаланушыға айына бір рет ғана есептегіштің көрсеткішін телефон қосымшасы арқылы фотоға түсіріп, жіберсе жеткілікті. Кейін жасанды интеллект көрсеткішті автоматты түрде танып, оның дұрыстығын тексереді де, төленетін соманы есептеу үшін биллингтік жүйеге жібереді.
«2026 жылды Мемлекет басшысы «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялағаны белгілі. Бұл ретте біз тұтынушыға бағытталған экожүйе құруға, сандық деректерге негізделген басқару үлгілерін дамытуға және толыққанды цифрлық қызметтерге басымдық беріп келеміз. Қазіргі уақытта өңір тұрғындары онлайн түрде келесі қызметтерді ала алады: газға қосылуға eGov арқылы техникалық шартқа өтініш беру, «Әлеуметтік әмиян» арқылы атаулы әлеуметтік көмек мен тұрғын үй көмегін алушыларға газға жеңілдік, есептеу құралының көрсеткішін жіберу, тұтынылған газға түбірек алу және төлеу», - деп атап өтті «QazaqGaz Aimaq» АҚ Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Алдияр Шуланов.
Компанияның технологиялық жаңалықтары әр отбасыға көмектесіп, тұрмыс тауқыметін жеңілдетеді және күнделікті өмірде жайлылық қамтамасыз етеді.