weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Неге референдум онлайн өтпейді? ОСК түсіндірді

 Орталық сайлау комиссиясы референдумның онлайн форматта өтпеу себебін заң талаптарымен және қауіпсіздік мәселелерімен байланыстырды.

Неге референдум онлайн өтпейді? ОСК түсіндірді
Фото: tengrinews.kz

Орталық сайлау комиссиясы қолданыстағы заңнамаға сәйкес референдум тек дәстүрлі — офлайн форматта өтетінін мәлімдеді. Азаматтар дауыс беру үшін сайлау учаскесіне жеке келіп, бюллетень толтыруы тиіс. Бұл — дауыс беру құпиясын сақтаудың негізгі талабы.

Цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкиннің айтуынша, онлайн дауыс беру заң өзгерген жағдайда ғана мүмкін. Техникалық тұрғыдан мұндай жүйені әзірлеуге болады, бірақ әзірге ондай міндет қойылған жоқ.

ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров электронды дауыс беру әлемнің шамамен 40 елінде ғана қолданылатынын атап өтті. Оның айтуынша, қағаз бюллетеньмен дауыс беру шамамен он есе арзан. Сонымен қатар қоғамда бұл мәселеге қатысты ортақ пікір қалыптаспаған — көзқарастар теңдей бөлінген. Негізгі тәуекелдер қатарында киберқауіпсіздік пен дербес деректерді қорғау мәселесі аталады.

Комиссия өкілдері жаңа механизмдерді «жай енгізу үшін енгізу» жоспарланбағанын айтып, халықаралық тәжірибе зерделеніп жатқанын жеткізді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→