weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

ТикТокта танымал болған Талғар әкімі қызметінен кетеді

 Талғар қаласының әкімі Арыстанбек Әбілхайырұлы денсаулығына байланысты қызметінен өз еркімен кету туралы шешім қабылдады.

ТикТокта танымал болған Талғар әкімі қызметінен кетеді

Арыстанбек Әбілхайырұлы қызметінен кетуіне нақты қандай себеп болғанын ашып айтпады. Ол тек бір ай бұрын денсаулығына байланысты екі апта демалыс алғанын жеткізді.

Бұл қызметте ол 1 жыл 2 ай жұмыс істеді.

Еңбек жолын 2005–2006 жылдары «MAG group» құрылыс компаниясында бастаған. 2006–2009 жылдары Үкіметтік тәжірибелік шаруашылығында директор көмекшісі болды. 2009–2023 жылдары Талғар қаласындағы «Марат» өндірістік кооперативінде даму менеджері қызметін атқарып, кәсіпорын басшысының орынбасары лауазымына дейін көтерілді.

2023 жылдан бастап «Талғар тұрғын үй» ЖШС бас директоры болды. Ал 2024 жылдың 18 желтоқсанынан бері Талғар қаласының әкімі қызметін атқарып келді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→