Жаңалықтар

Аулада ағаш бұтағы құлап, оқушы қаза тапты

 Шымкентте тұрғын үй ауласында ағаш бұтағы құлап, төртінші сынып оқушысы көз жұмды.

Оқиға Елшібек көшесіндегі тұрғын үйлердің ауласында болған. Ағаштың бір бөлігі төртінші сынып оқушысының үстіне құлап, бала оқиға орнында қаза тапқан.

Өңірде дауылды ескерту жарияланған. Жаңбырдан кейін қалада нөсер қар жауып, оның салмағынан ағаш бұтақтары сынып жатыр. Тұрғындар электр желілерінің үзілуі мен жарықтың жиі өшуі туралы да хабарлаған.

Полиция оқушының қаза болғанын растады. Аталған дерек бойынша тексеру жүргізілуде. Коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшірілді.