Дін

Рамазан – 2026: ораза кестесі жарияланды (Фото)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2026 жылға арналған Рамазан айының ресми кестесін жариялады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Рамазан айына арналған ораза кестесін жариялады. Бұл туралы мүфтияттың ресми сайты хабарлады.

Биыл қасиетті Рамазан айы 19 ақпанда басталады. Бұл жөнінде елордада өткен төралқа мәжілісінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді.

«Түркі мемлекеттері ұйымына қарасты мүфтилер алқасы жанындағы пәтуа кеңесінің және ғылыми зерттеулердің нәтижесін ескере отырып, ортақ шешім қабылдадық. Алла қаласа, биыл Рамазан айы 19 ақпанда басталады. 16 наурыздан 17 наурызға қараған түн – қасиетті Қадір түні. 20 наурыз – Ораза айт мерекесі», – деді Бас мүфти.

Осыған байланысты ҚМДБ еліміздің барлық қалалары мен елді мекендеріне арналған Рамазан айының толық ораза кестесін ұсынды.

Қалған өңірлерге арналған кестені мына жерден жүктеп алуға болады.