weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Жасанды интеллект жұмысты жылдамдатады, бірақ көбірек шаршатады – Harvard Business Review

Ғалымдар жасанды интеллект қызметкерлердің жұмысын жеңілдетпей, керісінше шаршау мен күйзелісті күшейтуі мүмкін екенін айтты.

Жасанды интеллект жұмысты жылдамдатады, бірақ көбірек шаршатады – Harvard Business Review

Harvard Business Review ғылыми журналы АҚШ-тағы технологиялық компаниялардың 200 қызметкері қатысқан сегіз айлық зерттеу нәтижесін жариялады. Зерттеу жасанды интеллекттің жұмыс дағдыларына қалай әсер еткенін көрсетті.

Нәтижесінде қызметкерлер тапсырмаларды жылдам орындап, бұрынғыдан көбірек міндет алып, жұмыс уақытын ұзарта бастағаны анықталған. Бұл өзгерістер басшылықтың тікелей талабы болмаса да байқалған.

Алайда зерттеу бірқатар теріс салдарды да көрсетті. Біріншіден, қызметкерлердің жұмыс пен жеке өмір арасындағы шекарасы көмескіленген. Жасанды интеллекттің қолжетімділігі салдарынан олар түскі ас кезінде, кездесулерде немесе файл жүктелуін күткен сәттерде де жұмыс істеуге мәжбүр болған.

Екіншіден, тапсырмалар санының артуы жиі алаңдауға әкеліп, бір іске толық зейін қоюды қиындатқан.

Зерттеушілердің пікірінше, жасанды интеллект қызметкерлердің өмірін жеңілдетпейді, керісінше жүктемені арттырып, шаршау мен күйіп-жануға алып келуі мүмкін. Олар ЖИ-ді қолданғанда жұмыс режимін бақылап, тепе-теңдікті сақтауға кеңес береді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→