weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қырғызстандағы демалыс базасында қайғылы жағдай: жас шаңғышы шатқалға құлады

8 ақпанға қараған түні Қырғызстандағы «Кашка-Кулак» тау-шаңғы базасында ауыр оқиға болды — 18 жастағы қыз шатқалға құлап, жансақтау бөліміне түсті.

Қырғызстандағы демалыс базасында қайғылы жағдай: жас шаңғышы шатқалға құлады

Алдын ала мәліметке сәйкес, 2006 жылы туған қыз достарымен бірге сырғанап жүрген. Жоғары жылдамдықпен келе жатып, жарқабақ шетіндегі арқан қоршауды бұзып өтіп, шатқалға құлаған.

Зардап шеккен қыз шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның көптеген жері сынғанын, соның ішінде аяқтары мен омыртқасына ауыр зақым келгенін хабарлады. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр.

Оқиға бойынша тексеріс басталды, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→