Қазақстандық спецназ Дубайдағы халықаралық турнирде топ жарды
Қазақстанның арнайы жасағы UAE SWAT Challenge жарысының алғашқы кезеңінде үздік нәтиже көрсетіп, көш бастады.
Дубайда өтіп жатқан беделді жарыстың үшінші кезеңінде қазақстандық командалар барлық жүлделі орынды иеленді. “Kazakhstan А” командасы «Офицерді құтқару» тапсырмасын небәрі 2 минутта орындап, рекорд жаңартып, жалпы есепте бірінші орынға шықты.
“Kazakhstan В” екінші орынды иеленсе, үшінші кезеңнің қола жүлдесі “Kazakhstan С” командасына бұйырды.
Айта кетейік, әлемнің ең мықты арнайы жасақтары қатысатын UAE SWAT Challenge — кәсіби шеберлік пен тактикалық дайындықты сынға салатын беделді халықаралық жарыс.