Жаңалықтар

«Жауапкершіліктен қашпаймын»: Тоқаев Ұлттық банк пен АФМ-ді сынға алды

Президент Алатау жобасына қатысты кедергілер үшін қаржы реттеушілеріне қатаң ескерту жасады.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк пен Қаржы мониторингі агенттігінің Алатау қаласын дамыту жобасына қатысты қарсылығын сынға алды. Мемлекет басшысы бұл бастама жаңа инвестициялық кезеңнің тірек жобасына айналуы тиіс екенін атап өтті.

Президенттің айтуынша, Алатау инновациялар, жасанды интеллект және Smart City қағидаттары енгізілетін заманауи орталық болуы керек. Жоба аясында инвесторларды тартуға ерекше жағдай жасалып, батыл шешімдерді сынақтан өткізуге мүмкіндік беретін прогрессивті реттеу режимі енгізілуі тиіс.

Осы мақсатта Конституциялық заң жобасы әзірленіп, Парламентке енгізілген. Алайда Президенттің сөзінше, Ұлттық банк пен АФМ тарапынан қайтадан қарсылықтар түскен.

«Егер нақты уәждеріңіз болса, маған беріңіздер, жауапкершілікті өз мойныма аламын. Қазір сөз емес, іс керек», — деді Мемлекет басшысы.

Президент Үкіметке бұл бірегей жобаны артық бюрократиясыз және кідіріссіз жүзеге асыруды тапсырды.