Жаңалықтар

Жамбылда анасы балаларын бесінші қабаттан лақтырып жіберген

Жамбыл облысында анасы екі кішкентай баласын көпқабатты үйдің бесінші қабатындағы терезеден лақтырып жіберген.

Әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Екі бала да аман қалған, жедел түрде ауруханаға жеткізілді. Ұл бала – 2 жаста, қыз бала – 4 жаста. Дәрігерлер балалардан ауыр жарақаттар анықтаған: бас-ми жарақаты және мидың жедел ісінуі. Қыз баланың сан сүйегі ығысып сынған, қазір оны операцияға дайындап жатыр.

«Жан-жақты әрі объективті тергеу нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына қатаң сәйкес процессуалдық шешім қабылданады», – деп хабарлады полиция.