2025 жылы халық жинағын қай банкке көбірек салды?
2025 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандықтардың жинақ ақшасын тартуда ең жоғары нәтиже көрсеткен банк – Kaspi Bank болды. Бір жыл ішінде жеке тұлғалардың банк шоттарындағы қаражаты 900,6 млрд теңгеге артты. Бұл – банк секторындағы ең жоғары өсім көрсеткіші.
Сарапшылардың бағалауынша, мұндай нәтиже банктің экожүйеге негізделген транзакциялық моделінің тиімділігін тағы бір рет дәлелдеді. Күнделікті төлемдер, аударымдар, онлайн қызметтер арқылы клиенттер Kaspi платформасын белсенді пайдаланады. Соның нәтижесінде халықтың қаражаты да осы банк жүйесінде тұрақтап отыр.
Ең жақын бәсекелестер де айтарлықтай өсім көрсетті. Алайда көшбасшыға жете алмады. Мәселен, Halyk Bank бір жылда бөлшек салымдар көлемін 741,4 млрд теңгеге ұлғайтты. Ал Отбасы банк портфелін 599,6 млрд теңгеге арттырды.
Осылайша бірінші және екінші орын арасындағы айырмашылық шамамен 160 млрд теңгені құрады. Бұл Kaspi Bank-тің халықтың жинақ нарығындағы ықпалы күшейіп келе жатқанын аңғартады.