Жаңалықтар

LRT: Астанада жаңа кезең басталды

Елордадағы жеңіл рельсті көлік жобасы тағы бір маңызды сатыға өтті. Қазір Шыңғыс Айтматов көшесінде LRT-нің 2-кезеңіне байланысты дайындық жұмыстары жүріп жатыр.

City Transportation Systems компаниясының мәліметінше, бұл зерттеулер болашақта рельс тарту кезінде қиындық болмауы үшін қажет. Жиналған ақпарат жобаны жоспарлауға және нақты шешім қабылдауға көмектеседі.

Бұған дейін қалада LRT стансаларына баратын бағыт-бағдар көрсеткіштері орнатылған. Сонымен қатар елордада 29 қыркүйектен бері жеңіл рельсті көлік жүйесі сынақтан өтіп жатыр. Қазіргі кезде жабдықтар мен инфрақұрылым тексеріліп жатыр. Мамандардың айтуынша, бұл сынақтар кемінде 6 айға созылады. Осы уақыт ішінде жүйенің қауіпсіздігі мен дайындығы толық бағаланады.