Аяусыз соққы көрген Бурабайдың экс-әкімі қайтыс болды. Бұл туралы Ақмола облысының полиция департаменті айтты , - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Tengrinews.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
"Темірбековтің денсаулығына ауыр зақым келуіне байланысты биыл 23 мамырда ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 25 мамырда күдікті айыпты деп танылып, Бурабай ауданының уақытша ұстау изоляторына қамалды. 27 мамырда Бурабай аудандық соты күдіктіге қатысты үй қамауына алу туралы шешім шығарды", - делінген хабарламада.
Ақмола облысының полиция департаменті қайтыс болған ер адамның Бурабайдың экс-әкімі болғанын растады.