Жаңалықтар

Тоқаев Пәкістанның ең жоғары мемлекеттік орденін алды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Ислам Республикасының ең жоғары мемлекеттік наградасы — Nishan-e-Pakistan орденімен марапатталды.

Салтанатты марапаттау рәсімі Пәкістан астанасы Исламабадта өтті. Мемлекет басшысына орденді Пәкістан Президенті мен елдің премьер-министрі табыстады.

Nishan-e-Pakistan ордені мемлекетке сіңірген айрықша еңбегі үшін мемлекеттік, саяси және қоғам қайраткерлеріне беріледі. Бұл марапат Қазақстан мен Пәкістан арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға қосқан үлестің жоғары бағаланғанын көрсетеді.