Жаңалықтар

Ясауи мен Фараби орталықтары ашылады: Қазақстан мен Пәкістан ғылым мен білімде күш біріктіреді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Пәкістан Премьер-министрі Мұхаммед Шахбаз Шариф Исламабадта өткен салтанатты рәсімде спорт және білім беру салаларындағы бірлескен бастамаларға арналған ескерткіш тақталарды ашты, деп хабарлайды newsroom.kz LeadPakistan басылымына сілтеме жасап.

Пәкістан Премьер-министрінің резиденциясында өткен рәсім барысында екі ел басшылары Қазақстан–Пәкістан «Достық» спорт орталығын құруға арналған ескерткіш тақтаны ашты. Аталған орталық спорт саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Сонымен қатар, білім беру саласында да маңызды қадам жасалды. Екі ел арасындағы жоғары оқу орындары мен студенттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында үш бірлескен білім беру орталығын құру көзделіп отыр.

Жоба аясында үш университеттің бірлесуімен Техникалық зерттеу орталығы, сондай-ақ Ахмет Ясауи атындағы зерттеу орталығы мен Әл-Фараби орталығы ашылады. Бұл бастамалар ғылыми-зерттеу жұмыстары мен академиялық алмасуды жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.