Қазақстан–Қытай шекарасындағы автөткелдер үш күнге жабылады
Қытайда Көктем мерекесінің (Қытай жаңа жылы) атап өтілуіне байланысты Қазақстан–Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу бекеттері уақытша жұмысын тоқтатады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ресми мәліметке сәйкес, 2026 жылдың 16–18 ақпаны аралығында Қазақстан мен Қытай арасындағы автомобиль өткізу пункттері арқылы:
- адамдарды,
- көлік құралдарын,
- жүк тасымалын өткізу тоқтатылады.
Сонымен қатар, теміржол арқылы өтетін өткізу бекеттері қалыпты режимде жұмысын жалғастырады, олардың кестесінде өзгеріс жоқ.
Комитет өкілдері тасымалдаушылар мен азаматтарды маршруттар мен логистиканы алдын ала жоспарлауғашақырды.