Жаңалықтар

Төрт көлік соқтығысты: Талдықорғанда жол апаты адам өлімімен аяқталды

Талдықорған мен Текелі арасындағы тасжолда жойқын жол-көлік апаты тіркелді. 31 қаңтар күні бірден төрт автокөлік соқтығысып, салдарынан бес адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.

Алайда зардап шеккендердің бірі кейіннен көз жұмды.

Полиция мәліметінше, оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталған.

«Барлық мән-жай анықталып жатыр. Mercedes маркалы көліктің жүргізушісі қамауға алынды», — деп хабарлады Жетісу облысы полиция департаменті.

Құзырлы орган жүргізушілерді қыс мезгілінде жол ережесін қатаң сақтауға, арақашықтықты ұстанып, барынша сақ болуға шақырды.