Жаңалықтар

Көшеде ұстап әкетпек болған: Шымкентте қыз балаға шабуыл жасаған жасөспірім ұсталды

Шымкентте жасөспірімнің кішкентай қыз балаға шабуыл жасау әрекеті тергеліп жатыр. Оқиға қала көшелерінің бірінде болған, күдіктінің әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Алдын ала мәліметке сәйкес, жасөспірім қыз баланы көшеде ұстап алып, белгісіз бағытқа алып кетпек болған.

Полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, күдіктіні «ізін суытпай» ұстаған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал ата-анасы полицияға жеткізілген.

Қыз баламен психологтың қатысуымен әңгіме жүргізілген, өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.

Полиция қазір қажетті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Нәтижесіне қарай процестік шешім қабылданады.