Жаңалықтар

«Баланы соңғы рет құшақта»: актриса күйеуінен қоқан-лоққы көріп келген

Қазақстандық актриса Анеля Аманғалиева күйеуінен зорлық-зомбылық көргенін және ұзақ уақыт бойы қудалауға ұшырап жүргенін мәлімдеді. Ол әлеуметтік желіде жазба жариялап, күйеуін «өзімнің Бишімбаевым»деп атады.

Актрисаның айтуынша, күйеуі — Малик Билал — жарты жылдан бері ажырасуға келіспей, өліммен қорқытып, интимдік суреттермен шантаж жасап келген.

Анеля Threads желісінде қорқытуға толы хаттардың скриншоттарын көрсетті. Оның сөзінше, мұндай хабарламалар күн сайын келеді.

«Ол маған баламды соңғы рет құшақта деп жазады, себебі енді оны көрмейсің дейді», — деп жазды актриса.

Анеляның айтуынша, күйеуі Қазақстан мектептері үшін жасанды интеллект бойынша сабақтар әзірлеумен, сондай-ақ ықпалды тұлғалар қолдайтын криптолаборатория жобасымен айналысады.

Актриса ұзақ уақыт үндемей келгенін, алайда қоқан-лоқы баласына қатысты айтылған соң, ашық айтуға мәжбүр болғанын жеткізді.

Кейін ол тағы бір қыздың хат алмасу скриншоттарын жариялап, Малик Билалдың оған да сталкинг жасағанын айтты. Оның сөзінше, 2025 жылдың қарашасында, некеде бола тұра, ол қызға түрлі аккаунттардан қайта-қайта жазған.

Анеля Аманғалиева полицияға арыз түсірген. Қазіргі таңда іс бойынша Алматы облысы полиция департаменті тергеу жүргізіп жатыр, ал тергеуді департамент басшысының орынбасары Рустам Абдрахманов бақылауына алған.